Қаржы лизингі
- бұл кәсіпорындар үшін үлкен экономикалық пайда әкелетін тиімді, ыңғайлы және қолжетімді қаржы құралы.
Қаржы лизингі өз резервтерін және қиын кредиттерді тартпай кәсіпорынның өндірістік қуатын күшейтуге мүмкіндік береді.
Шарттары:
- Заңды тұлғалар үшін;
- Аванстық төлем - лизинг заты құнынан 10%-дан бастап;
- Сыйақы мөлшерлемесі жеке қарастырылады;
- Лизинг мерзімі 37 айдан 48 айға дейін;
- Өтінімді қарау мерзімі – 3-тен 5 жұмыс күніне дейін.
Артықшылықтары:
- Ең аз бастапқы капитал салу қажет болады және айналым қаражатынан ақша ресурстарының ірі сомасын алу қажет емес;
- Сатып алынатын лизинг заты мәміленің жалғыз қамтамасыз етуі болып табылады (қосымша кепіл талап етілмейді);
- Лизингтік төлемдер өндіріс шығындарына жатады, бұл салық салу базасын төмендетеді, ал ұзақ мерзімді бөліп төлеу тұрақты төлемдердің мөлшерін айтарлықтай төмендетеді және Сізге өз активтерін неғұрлым ұтымды басқаруға мүмкіндік береді;
Лизинг шартының қолданылу мерзімі және барлық лизингтік төлемдерді төлеу мерзімі өткеннен кейін лизинг заты Лизинг алушының меншігіне өтеді.
Оперативтік лизинг
- Бастапқы жарна – 0%;
- Жалдау мерзімі – 12 айдан 60 айға дейін;
- Өтінімді қарау және мақұлдау мерзімі 5 жұмыс күніне ДЕЙІН
Оперативтік лизинг - бұл жаңа автокөліктерді сатып алуға инвестицияларды оңтайландыруға және азайтуға, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді және автокөліктің қызмет ету мерзімінде жөндеуге кететін шығындарды жоюға көмектесетін сервистік қызметтер толық пакеті бар ұзақ мерзімді автокөлікті жалға алу.
Артықшылықтары:
- Қаражат пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін тиімді автопарк аутсорсингі
- Ұтқырлық, бейінді емес жүктемелерді азайту, уақытты үнемдеу
- Паркте автокөліктерді иеленуге жұмсалатын шығынды азайту
- Қаржылық тәуекелді төмендету (техникалық қызмет көрсету, күтпеген шығындар, бейінді емес активтер)
- Операциялық тәуекелді төмендету (автомобильге техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс көлемі, кадрлар, жалақы, күзет, паркинг, жанар-жағармай)
Шарттары:
- Сіздің корпоративтік саясатыңызға сәйкес автокөлікті таңдау;
- Ай сайынғы тиянақталған төлем;
- Автокөліктер саны: ең аз – 1 бірлік, ең көп – шектеусіз;
- Өтінімді қарау мерзімі – 3-тен 5 жұмыс күніне дейін;
- Ай сайынғы жалдау төлемдері операциялық шығындарда көрсетіледі, солайша пайдаға салынатын салық бойынша салық салу базасын азайтады;
- Қазақстан бойынша серіктестік желісі.
Толығырақ Astana Motors Finance сайтында: https://finance.astana-motors.kz/kk/