Hyundai Aktobe
Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғ., 26/7

1. Өндірушінің жаңа Hyundai автокөлігіне ұсынатын кепілдігі.

1.2, 1.3, 1.4-тармақтарында аталған жеке құрамдас бөлшектерді қоспағанда, Hyundai автокөлігінің кез келген элементін Hyundai компаниясының кез келген ресми Дилері кепілдік мерзім ішінде, ондағы Hyundai компаниясының ресми Дилері Hyundai автокөлігін бірінші сатып алушыға сатқан (табыстаған) сәтке дейін орын алған материалдар немесе өндіру ақаулығы байқалған кезде, техникалық қызмет уақытылы көрсетілген жағдайда, автокөлік иесіне тегін ауыстырып немесе жөндеп беруі тиіс.
Тек қана Hyundai компаниясының ресми Дилері кепілдікі жөндеу (жөндеу немесе ауыстыру) қажеттілігі мен тәсілі туралы шешім қабылдауға құқылы.
Кепілдік жөндеу процесінде ауыстырылған қосалқы бөлшектер мен материалдар өндірушінің меншігіне өтеді. Hyundai компаниясының ресми Дилері осындай қосалқы бөлшектер мен материалдарды өндірушінің мүддесінде иелік етуге құқылы.

1.1. Кепілдік кезеңі және автокөліктің жарамдылық мерзімі.

1.2-тармағында көрсетілген жеке құрамдас бөлшектерді қоспағанда, Hyundai жаңа автокөліктерінің элементтеріне кепілдік мерзімі Hyundai компаниясының ресми Дилері Hyundai автокөлігін бірінші сатып алушыға сатқан (табыстаған) сәттен бастап 5 жылды немесе 100 мың км жүріп өткен жолды (қайсысы бұрын болатынына қарай) құрайды, бұны сервистік кітапшада кепілдіктің басталу күні туралы тиісті белгі куәландыруы тиіс.
Иегер тек материалдар немесе өндіру сапасына байланысты және тек сервистік кітапшада белгіленген кепілдік мерзімі ішінде ғана кепілдік бойынша талаптар қоюға құқылы.
Hyundai автокөлігінің қызмет ету мерзімі 6 жыл немесе 180 мың км жүріп өткен жолды құрайды (қайсысы бұрын болатынына қарай). Hyundai автокөлігінің қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін көлік иесі жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетуге қатысты талапты, сондай-ақ сервистік кітапшада және пайдалану нұсқаулығында көрсетілген Hyundai автокөлігін пайдалануға қатысты басқа да талаптарды орындалған жағдайда автокөлікті әрі қарай пайдалана алады, бірақ жиынтықта әрі қарай пайдалану уақыты Hyundai компаниясының ресми Дилері Hyundai автокөлігін бірінші сатып алушыға сатқан (табыстаған) сәттен бастап 10 жылдан аспауы тиіс.

1.2. Жеке құрамдас бөлшектерге берілетін кепілдік
Hyundai автокөлігінің төменде аталған жеке құрамдас бөлшектеріне кепілдік автокөлікті бірінші сатып алушыға сатқан (табыстаған) сәттен (яғни, сервистік кітапшада көрсетілген кепілдіктің басталу күнінен) бастап келесі шектерде беріледі


1.2.1. 12 жыл немесе 20 мың км жүріп өткен жол (қайсысы бұрын болуына қарай):
• тежеуіш дискілері мен барабандар;
• газразрядты шамдар;
• аккумулятор батареясы;
• желдету жүйесіне салқындатқыш агентті құю;
• жетек белбеулері;
• түрлі типті төсемдер (цилиндрлер блогының бастиегі төсемін қоспағанда);
• алдыңғы және артқы аспа тұрақтандырғыштарының төлкелері.


1.2.2. 36 жыл немесе 100 мың км жүріп өткен жол (қайсысы бұрын болуына қарай):
• өндіруші орнатқан аудиоаппаратура.

1.3. Кепілдік арқылы өтелмейтін ақаулар.

Өндіруші кепілдігі тек өндірістік сипаттағы ақаулармен шектелген және келесі жағдайларға қолданылмайды:

1.3.1. Жоспарлы техникалық қызмет көрсету барысындағы регламенттік жұмыстар, диагностикалық және реттеу жұмыстары, бір рет пайдаланылатын элементтерді бұзу және басқа материалдарды жұмсау.

1.3.2. Қалыпты пайдалану және, қышқыл жаңбыр, олардың атмосферасының агрессивті заттары, өнеркәсіптік ластанулар, химикаттар, өсімдіктер шырыны, тастар, тұз, сондай-ақ бұршақ, дауыл, найзағай, су тасқыны және өзге де табиғат құбылыстарын қоса алғанда, қоршаған орта әсерінің салдарынан болған кез келген бөлшектердің қалыпты тозуы, бөлшектер беттерінің, лак-бояу қабатының, резеңке бөлшектердің, қаптамасы мен әрлеу бөлшектерінің қалыпты ескіруі және бұзылуы.

1.3.3. Автокөліктің немесе оның элементтерінің сапасына, сипаттамасына немесе жұмысқа қабілеттілігіне әсер етпейтін шамалы ауытқулар (мысалы, агрегаттар мен автокөлік жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуінен пайда болатын шамалы шу, сықыр немесе діріл);

1.3.4. Майлардың, техникалық сұйықтықтардың немесе жағармайлардың төсемелер мен тығыздамалардан шамалы (қалыпты шығысына әсер етпейтін) сіңіп өтуі;

1.3.5. Арнайы әдістерді қолданбай анықтауға болмайтын әрлеу, лак-бояу және гальваникалық жабын элементтерінің кемшіліктері;

1.3.6. Hyundai автокөліктерінде өндіруші орнатқан немесе өндірушінің бақылауымен орнатылған дисплейлердің экрандарында ашық немесе қараңғы нүктелердің саны бойынша шамалы (3 данадан көп емес) болуы.

1.3.7. Толық немесе тиісті болмаған қызмет көрсету, мысалы пайдалану нұсқаулығында ескерілген күнделікті және/немесе кезеңдік тексеруді және/немесе техникалық қызмет көрсетуді елемеу, жоспарлы техникалық қызмет көрсету арасында артық жүріп өткен жолдың айтарлықтай болуы (1000 км немесе 1 айдан аса, қайсысы бұрын болуына қарай) салдарынан келтірілген зиян және/немесе ақаулық.

1.3.8. Өндіруші мақұлдамаған түпнұсқа емес бөлшекті, құрылғыны немесе жабдықты пайдалану салдарынан келтірілген зиян және/немесе ақаулық, немесе Hyundai ресми Дилері болып табылмайтын техникалық орталық орындаған жөндеудің, қызмет көрсетудің және кез келген басқа жұмыс түрлерінің салдарын жою.

1.3.9. Hyundai автокөлігінің жол-көліктік оқиға, байқаусыздық, автокөлік жабдығына немқұрай қарау, оны дұрыс пайдаланбау, автокөлікті басқаруда дұрыс тәсіл қолданбау, оны жарыста, раллиде, такси (оны қоса алып, бірақ онымен шектелмейді), оқу автокөлігі және тағы басқалар үшін пайдалану, сондай-ақ автокөлікті немесе оның бөліктерін өндіруші мақұлдамаған тәсілмен түрлендіру (автокөлік құрылымына өзгерістер енгізу, қосымша жабдықты орнату, автокөлік иесінің немесе үшінші тұлғалардың тораптар мен агрегаттар жүйесінің жұмысына араласуы) салдарынан зақымдалуы.

1.3.10. Жүкті тиеу-түсіру немесе тасымалдау салдарынан жүк бөлігінің және/немесе салонның зақымдануы.

1.3.11. Ақаулы автокөлікті пайдалану мүмкін болмауына, уақыт жоғалтуға байланысты шығындар, отын шығындары, телефон байланысы, көлік шығындары, кірістерді жоғалту және басқа да коммерциялық шығындар.

1.3.12. Одометр көрсеткіші жасанды жолмен өзгертілген автокөліктің кез келген ақауларын жою, сондай-ақ осы ақауларға байланысты барлық шығындар.

1.3.13. Анықталғаннан кейін басқа ақаулықтарды уақытылы жоймау салдарынан туындаған ақаулықтар мен олардың салдары.

1.3.14. Шығын және жағармай материалдары, пайдаланылатын немесе қалыпты түрде пайдаланған кезде тозуға және бұзылуға тап болатын өзге элементтер:
• сүзгілердің барлық түрлері;
• оталдыру білтелері;
• жетекті ілінісу дискісі;
• тежегіш қыспақтары;
• әйнектазалағыштардың щеткалары;
• созылмалы сақтандырғыштар;
• қыздыру шамдары;
• автокөліктің барлық жүйелеріне арналған майлар, сұйықтықтар мен жағармайлар;
• отын.

1.3.15. 1.3.14-тармағында аталған бөлшектердің немесе белгіленген шектеулер күшіне орай кепілдік кезеңі аяқталған бөлшектердің істен шығуы салдарынан пайда болған залалдар.

1.3.16. Әртүрлі жарықтандырудың оптикалық әсерлері, көру қасиеттері, сондай-ақ өзге де факторлар әсерінен Hyundai автокөлігі шанағының лак-бояу жабынының шамалы өзгешеленуі.

1.3.17. автокөліктің немесе оның жеке бөлшектерінің сыртқы әсерден пайда болған кемшіліктері (солардың ішінде): өндірістік , құрылыс және химиялық шығарылулар, ауаның қышқылдық немесе сілтілік ластануы, қышқыл жаңбырлар, өсімдік шырыны, құстар мен жануарлардың тіршілік ету өнімдері, тайғаққа қарсы реагенттер, тас, құм, тұз және т. б. сияқты жол жамылғысының бөліктері (бірақ мұнымен шектелмейді);

1.3.18. автокөліктің форс-мажор жағдайлары салдарынан туындаған зақымдалулары (солардың ішінде): өрт, зілзала, табиғи апаттар, найзағай, су тасқыны, жер сілкінісі (бірақ мұнымен шектелмейді);

1.3.19. шанақтың элементтері болып табылмайтын бөлшектердің лак-бояу немесе өзге де сәндік жабынының кемшіліктері (рейлингтер, сөндіргіштер, әйнектазалағыштардың баулары, есік тұтқалары, шанақты декоративті әрлеу және т. б.);

1.3.20. автокөлікті қалыпты пайдаланған кезде пайда болатын өзара әрекет ететін бөлшектердің жанасатын беттеріндегі лак-бояу жабынының үйкелуі.

1.3.21. Автокөлік иесінің автокөлікті Пайдалану нұсқауының шарттарын орындамауы және/немесе автокөлікке кезекті жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді жүргізбеуі, және/немесе автокөліктің тораптарын және агрегарттарын өз бетімен бөлшектеуі және жөндеуі, және/немесе автокөлікті өндіруші рұқсат берген жүктемеден асырып пайдалануы немесе оны мақсатынан тыс пайдалануы, және/немесе төмен сапалы ЖЖМ (бензин, дизельдік отын, май) пайдалануы нәтижесінде пайда болған ақаулар, зақымданулар.

1.3.22. Аспа, трансмиссия, қозғалтқыш және кіргізу тракті элементтерінің коррозиясы.

1.4. Бөгде жеткізушілердің құрамдас бөлшектеріне ұсынылатын кепілдік.
Hyundai автокөліктерінің кейбір құрамдас бөлшектеріне осындай құрамдас бөлшектерді жеткізушілер кепілдікті өздерінің шарттарымен ұсынады. Нақты алғанда, осындай құрамдас бөлшектерге мыналар жатады:
• Өндіруші ең басында автокөлікке орнатқан шиналар;
• Өндірушінің бақылауымен орнатылған мультимедиалық және навигациялық жүйелер.
Осындай құрамдас бөлшектерге арналған кепілдік шарттары бойынша ақпаратты Hyundai компаниясының ресми Дилерлерінен алуыңызға болады.

2. Лак-бояу жабынына ұсынылатын кепілдік.
Лак-бояу материалдарына кепілдік лак-бояу материалдарының немесе оларды жағу технологиясының ақаулығы анықталған кезде, және осындай ақаулықтардың пайда болу себептері өндірістік сипатқа ие болған жағдайда ғана, автокөлік иесі үшін боялған беттердің тегін жөндеуін көздейді.
Тек қана жөндеуді жүргізетін Hyundai компаниясының ресми Дилері кепілдікті жөндеу қажеттілігі мен тәсілі туралы шешім қабылдауға құқылы.

2.1. Кепілдік мерзімі.
Жаңа Hyundai автокөліктерінің лак-бояу жабынына ұсынылатын кепілдік мерзімі сервистік кітапшада көрсетілген кепілдіктің басталу күнінен бастап 5 жылды немесе 100 мың км жүріп өткен жолын (қайсысы бұрын болуына қарай) құрайды.
Иегер лак-бояу жабынының сапасына кепілдік берілген кезең ішінде ғана талаптар қоюға құқылы.

3. Қосалқы бөлшектерге кепілдік.
Жаңа Hyundai автокөлігіне берілетін кепілідіктен тыс өндіруші түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға кепілдік береді.
Қосалқы бөлшектерді Hyundai компаниясының ресми Дилерлерінен сатып алған жағдайда оларға кепілдік беріледі;
Кепілдік міндеттемелердің орындалуын Hyundai ресми Дилерінен қосалқы бөлшектердің сатып алғанын және орнатқанын растайтын құжаттар ұсынылған кезде ғана, қосалқы бөлшекті сатқан және орнатқан Hyundai ресми Дилерінен талап етуге болады.

3.1. Кепілдік мерзімі.
Жеке құрамдас бөлшектерді қоспағанда, Hyundai автокөлігіне арналған түпнұсқа қосалқы бөлшектерге ұсынылатын кепілдік мерзімі автокөлікке қосалқы бөлшек орнатылған сәттен бастап 1 жылды немесе 20 мың км жүріп өткен жолды (қайсысының бұрын болуына қарай) құрайды.
Кепілдік жөндеу барысында жөнделген немесе ақаулы бөлшектерді ауыстырып орнатылған қосалқы бөлшектерге кепілдік тек қана Hyundai автокөлігіне ұсынылатын кепілдік мерзімі аясында немесе жеке құрамдас бөлшектерге берілетін кепілдік мерзімінің соңына дейін, қайсысы ертерек болуына қарай, қолданылады.

3.2. Қосалқы бөлшектерге берілетін кепілдікпен қамтылмайтын нәрселер.
Өндіруші қосалқы бөлшектерге ұсынатын кепілдік 1.3-тармағында көрсетілген шектеулерді ескере отырып, осы қосалқы бөлшекті автокөлікке орнату сәтіне дейін жіберілген өндірістік сипаттағы ақаулармен ғана шектелген.

4. Автокөлікті жөндеу орнына дейін жеткізу
Hyundai автокөлігіне ұсынылатын кепілдік шарттарына сәйкес келетін ақаулық пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасының және автокөлікті пайдалану нұсқаулығының талаптарына сәйкес осындай ақаулықтың сипаты автокөліктің жөндеу орнына өз жүрісімен жеткізілуіне мүмкіндік болмаған жағдайда ғана, өндіруші кепілдігі Hyundai автокөлігін Hyundai компаниясының жақын жердегі Ресми дилеріне жеткізуге (көшіруге) қолданылады. Көшіру қажеттілігін анықтау үшін Hyundai компаниясының жақын жердегі Ресми дилерінен кеңес алыңыз. Жақын жердегі Hyundai ресми Дилерінің мекенжайын және телефонын сервистік кітапшадан немесе Hyundai клиенттік қолдау көрсету қызметі телефоны 8-800-070-70-70 бойынша табуға болады. Автокөлікті иесі өз бетімен жеткізген жағдайда, осы тармақ талаптары орындалса, жоғарыдағы жағдайдағы ресми түрде расталған көшіру құнын иесіне өтеу міндеті кепілдік жөндеу жүргізетін Hyundai ресми Дилеріне жүктеледі